Маусым айында қазақстандықтар 10 күн демалады

Жаздың алғашқы айында қазақстандықтарды 10 күндік демалыс күтіп тұр. Оның ішінде 6-8 маусым аралығында қатарынан үш күн демалыс болады — бұл Құрбан айт мейрамының арқасы.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл Құрбан айт 6 маусым, жұма күніне сәйкес келеді. Бұл күн ресми демалыс болып есептеледі. Жұма күніне демалыс қосылып, сенбі және жексенбімен бірге үш күн қатарынан демалыс түзіледі.

Құрбан айт — ислам дініндегі ең қасиетті мерекелердің бірі. Ол Зұлхижжа айының оныншы күні атап өтіледі. Бұл күні мұсылмандар мерекелік намаз оқып, құрбан шалып, мұқтаж жандарға көмектесіп, туған-туысқандарымен жүздеседі.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды