Маунтинбайктан Азия чемпионаты: Қазақстан қола медаль жеңіп алды

Малайзияда өтіп жатқан маунтинбайктан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Біздің спортшылар аралас эстафетада үшінші орыннан көрінді. Бірінші орында - Қытай, екінші орында - Индонезия спортшылары.

Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Алина Сарқұлова, Денис Сергиенко, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Евгения Заам дәне Мадина Жартыбаева қорғады.