Мәулен Әшімбаев: Отбасындағы зорлық-зомбылықты тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды

Сенат төрағасы отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу туралы пікір білдірді.

Алматы, NEGE. «Кейінгі жылдары осындай қылмыстарға жол бермеу бағытында заңнаманы өзгерткенбіз. Қылмыстық кодекстің де баптарын өзгертіп, мұндай әрекеттерге жауапкершілікті күшейттік. Отбасыларда осындай жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше мәселеге көңіл бөлу керек. Заңнаманы ары қарай күшейту керек болса, біз оған дайынбыз. Бірақ бұл мәселені тек заңнаманы өзгертумен шешуге болмайды. Атап айтқанда, жастардың, азаматтардың арасындағы мәдениет деңгейін де көтеру керек. Елімізде осы бағытта үлкен жұмыстарды атқару керек деп ойлаймын», - деді М.Әшімбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл бағытта тиісті мемлекеттік органдар жұмыс атқарып жатыр. Дегенмен осы іс-қимылдар жеткіліксіз болуы мүмкін.

«Жалпы, түсіндіру, ағарту жұмыстары керек екені анық. Мектептерде, университеттерде тәрбие жұмыстарын күшейту керек. Себебі көп мәселе тәрбиеге байланысты. Өзара сыйластық, құрметтеу, қыздарға қол көтермеуді бала кезінен түсіндірген жөн. Сондықтан бұл проблемада тәрбие жұмыстарындағы кемшіліктерді көріп тұрмыз десек, артық болмайды», - деді Сенат төрағасы

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен