Мәулен Әшімбаев Президенттің атынан Иран халқына көңіл айтты

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барды.

Сенаттың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеидің, мемлекет басшылығы өкілдері мен бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты», – делінген хабарламада.

Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Сондай-ақ ол Әли Акбар Джокармен әңгімелесу барысында Иран Қазақстанның жақын көршісі және серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ Сенат төрағасы еліміздің қақтығысты бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуге дайын екеніне тағы бір мәрте назар аудартты.

Қазір оқып жатыр

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды