Мәулен Әшімбаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты пікір білдірді

Сенат спикері Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары жеке сипатта өткенін атап өтті. 

kremlin.ru

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, мұндай кездесулерге аса мән берудің қажеті жоқ.

«Экс-президенттердің басқа елдердің саясаткерлерімен кездесіп, сапарға шығуына құқығы бар, бірақ олардың барлығы жеке іс-шаралар аясында өтеді. Бірінші президенттің қандай да бір мәртебесі немесе өкілеттігі жоқ. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын іске асыруға қатысты барлық мәселелерді қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізеді», – деді Әшімбаев.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады