Матерацци Зидан не үшін баспен ұрғанын айтты

Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марко Матерацци 2006 жылы әлем чемпионатының финалында француз шабуылшысы Зинедин Зидан өзін не үшін баспен ұрғанын айтты.

Алматы, NEGE. Осы сәт естеріңізде болар? Ойынның 109-минутында Зидан Матераццидің кеуде тұсынан баспен ұрды да, кескен теректей сұлатып салды. Сол үшін қызыл карточка көрсетіліп, ойыннан қуылды. Ол кезде есеп 1:1 еді. Пенальтиден Италия 5:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Бұл оқиға туралы түрлі гу-гу айтылды. Әлі де айтылатыны анық. Матераццидің өзі оқиға туралы Инстаграмдағы тікелей эфирде былай депті: «Зиданның соққысы дейсіз бе? Күтпей қалдым. Менің жолым болды. Егер Зиданның баспен ұратынын білсем, дайындалар едім. Сосын екеумізді де ойыннан қуар еді.

Зидан екеуіміз айып алаңында бірнеше рет қақтығысып қалдық. Бірінші таймда ол гол соқты да, жаттықтырушымыз Марчелло Липпи Зиданды бағып жүруімді тапсырды. Алғашқы қақтығыстан кейін кешірім сұрадым. Бірақ ол илікпеді. Үшінші рет қақтығысқанда ашуландым. Ол маған ойын біткен соң футболкасын сыйлайтынын айтты. Мен оған былай деп жауап бердім: «Сенің футболкаңнан гөрі әкпеңді қалаймын».

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?