Математик электронды бетперде жасап шығарды

Электронды құрал дерт жұқтырудан сақтаумен қатар, адам ағзасындағы өзге де зиянды вирустарды жояды. Өнертапқыш Түрікел Сулейманлы көпке жарайтын әрі қорғанысы мықты бетперде ойлап тапты.

Алматы, NEGE. Қазір елде коронавирустан қорғайтын респиратор мен маскалар тапшы. Ал тігіншілер оны дәке мен матадан тігіп амалдайтын. Жоба жетекшісі Түргел Сүлейманлы:" Бұл электронды негізде жасалған әлемдегі алғашқы бетперде. Қазір қолданылып жүргендердің барлығы вирустарға қарсы емес, өндіріс орындары мен ауадағы шаңнан қорғауға арналған. Ал менің өнімім, ең алдымен, вирусты жоюға бағытталған. Ішінде арнайы чип пен батареясы бар" дейді.

  Жоба авторлары мемлекеттік құрылымдарға арыз беріп, өнімін патенттеп алмақшы. Егер қолдау тапса, өндірісін қолға алмақ.  Ол: "Қазір өндірістік нұсқасын дайындап жатырмыз. Ол пластмассадан жасалады, өйткені қолданғаннан кейін дезинфекциялауы оңай. Көпке жарайды, маусым бойы пайдалануға болады. Оның ерекшелігі коронавирустан бөлек адам ағзасынд ғы өзге де зиянды вирустар мен бактерияларға қарсы тұра алады" дейді.

  Өнертапқыштар микробиология және жұқпалы аурулар саласындағы мамандармен кеңесті. Сөйтіп, маскаға арналған бағдарламаны дайындаған. Қазір ол осындай чиппен жұмыс істейді. Келешекте оны кішірейтуді көздеп отырмыз. Бетперде үшін арнайы бағдарлама бар.  Масканы бес сағат бойы пайдалануға болады. Оны телефонға арналған адаптер не пауэрбанктпен қуаттандырады. Жаңа құралдың бағасы да белгілі, 20-30 доллар төңірегінде болмақ.  

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты