Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасына ұқсас ер адамның онлайн-жиналыс кезінде жұмыс орнында темекі шегіп отырғаны түсірілген видео тарады. 

gov.kz

Астана, NEGE. Облыстық полиция қызметі бейнежазбадағы адам Қанат Саққұлақов екенін растады. Бұл факт бойынша оған айыппұл салынды.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Zoom платформасы арқылы өткен онлайн-жиналыс кезінде қызметтік кабинетінде электронды темекі шеккен ер адамның видеосын анықтады. Тексеру нәтижесінде азаматтың жеке басы анықталды. Ол Қарағанды облысы Осакаров ауданы мәслихатының төрағасы болып шықты», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Қарағандылық полицейлер заң мен тәртіптің барлық азаматқа ортақ екенін, ешкімге ерекше жағдай жасалмайтынын, атқаратын лауазымы, мәртебесі немесе қоғамдық жағдайы заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.