Мәскеу-Шымкент бағыты қайта ашылды

«Scat» әуе компаниясы Мәскеу-Шымкент және Шымкент-Мәскеу бағыты бойынша рейсін қайта ашты.

Шымкент, NEGE. Аталған бағыт бойынша тікелей келу қызметі пандемияға байланысты тоқтатылған болатын. Еліміздің үшінші мегаполисіне келуші туристер үшін енді тікелей, кедергісіз ұшуға мүмкіндік жасалып отыр. Туристер Мәскеуден Шымкентке аптаның әр сәрсенбісінде кешкі уақытта ұшады.

Жалпы, ұшу кезінде жолаушылар қауіпсіздігі мен карантин талаптарының сақталуына баса назар аударылған.

Айта кетейік, бүгінде Мәскеуге Шымкент қаласынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Ақтау қалаларынан да рейс бағыттары қайта ашылды. Одан өзге, Шымкент қаласына Ыстамбұл мен Грузиядан да тікелей рейстер жүруде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады