Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды

Мәскеу қаласы мен облысына дронмен шабуыл жасалды. Қала мэрі зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Тұрғындар жарылыс дауысын естігенін хабарлап жатыр. Baza Telegram-арнасының мәліметі бойынша, дрон тұрғын үйдің 16-қабатындағы пәтердің терезесіне түскен. Үй тұрғындары эвакуацияланған.

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев бірнеше дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.