Мәскеуде Навальныйдың соты өтіп жатыр

Мәскеуде Алексей Навальныйдың соты өтіп жатыр. Сотта шартты мерзімді алып тастау және оны нақты мерзімге ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр.

Алматы, NEGE. "Преображенская площадь" метро бекетінің жанында Росгвардияның бірнеше көлігі мен полицейлер тұр. Ерекше мақсаттағы милиция жасағының сарбаздары сотқа кіретін жолды жауып тастады. Тек сот қызметкерлері мен сол ауданда тұратындарды кіргізіп жатыр. 

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, сотқа шетелдік елшілік өкілдері де қатысып жатыр. Ғимарат алдында дипломатиялық номеры бар бірнеше көлік тұр. Олар мына елдерге тиесілі: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Польша, Дания, Латвия, Литва, Швеция, Германия, Австрия, Чехия, Жапония, Финляндия, Норвегия және Болгария.

Сот залында Навальныйдың әйелі Юлия да отыр. 

Жалпы Навальныйдың сот отырысына 15 елшілік қызметкері мен 80 ресейлік және шетелдік журналист қатысады деп болжанған. 

Сот әлі жалғасып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр