Мәскеуде халықаралық әуе рейстері ашылады

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Ресей Федерациясында 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстері жанданатынын мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Халықаралық әуе рейстерін жандандыру туралы шешім қабылданды, соған қарамастан біз эпидемиологиялық жағдайды, ауру көрсеткіштерін басты назарда ұстаймыз», – деп мәлім етті бейсенбі күні үкімет төрағасы министрлер кабинетінің отырысында. Ол 1 тамыздан бастап Мәскеу, Мәскеу облысы, Дондағы Ростов пен Санкт-Петербург әуежайларынан рейстер жүзеге асырылатынын нақтылады.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді