Мәскеуде атыс болды

Мәскеудегі атыс Ресейдің Федерал қауіпсіздік қызметінің қабылдау бөлмесінде болған. Бұл туралы мекеменің қоғаммен байланыс орталығы мәлімдеді, – деп хабарлайды "Москва" қалалық жаңалық агенттігі.

Алматы, NEGE. "Атыс ФҚҚ қабылдау бөлмесінде Кузнецкий Мост көшесі, 23-үйде сағат 18:10-да болды. Үш бейтаныс адам ФҚК ғимаратына баса-көктеп кіріп, оқ ата бастаған. Атыс кезінде қабылдау бөлмесінің күзетшісі мен екі шабуылдаушы қаза тапты. Тағы бір шабуылдаушы көшеге шығып, оқ жаудыра бастады. Нәтижесінде ЖҚҚМИ өкілі қаза тапты", – деп мәлімдеді ведомство. 

Шабуылшы Кузнецкий Мост көшесіне дейін 300 метрдей жүгіріп, Воровский көшесіне бұрылған. Артынша ол Большая Лубянка көшесіндегі үйлердің біріне барып, жасырынған. 

"Ол жерден ФҚҚ Арнайы мақсаттағы орталығының және Шұғыл әрекет ету тобының қызметкерлеріне оқ атқан. Атыс кезінде шабуылдаушы сағат 19:15-те қаза тапты. Қаза болғандар туралы ақпарат анықталып жатыр", – дейді ведомство өкілдері. 

Арнайы өкілдердің айтуынша, Мәскеудегі атыс теракт деп танылған. Атысты ұйымдастырғандардың экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 
 

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды