Мәскеуде Алексей Навальныйдың әйелі ұсталды

Мәскеуде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. "Подъем" Telegram-каналы Юлия Навальнаяның келісілмеген акция кезінде ұсталғанын нақтылады. Арасында Навальная бар бір топ адам "Матросская тишина" тергеу изоляторына қарай бара жатқанын жазды.

DW.com мәліметінше, Мәскеудегі акцияға 2 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Ресей ІІМ мәскеулік департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство қызметкерлері бұл санаққа акция кезінде қызмет бабымен жүрген журналистерді де қосқан. 

Сондай-ақ бұл - Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.30-дағы көрсеткіш. "ОВД-Инфо" құқық қорғау интернет-порталының хабарына қарағанда, Ресейде наразылық акцияларында ұсталғандар саны 2291-ге жетті, Мәскеуде - 520, Владивостокта - 120, Санкт-Петербургте - 242.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр