Мәскеуде 16 мамырда ҰҚШҰ саммиті өтеді
16 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Алматы, NEGE. "16 мамырда ҰҚШҰ-ның 30 жылдығына орай Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер саммиті өтеді. Бұл - көшбасшылардың кездесуі және таңғы ас форматындағы жеке әңгіме. Шара қорытындысы бойынша (ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Станислав) Зась пен (Армения премьер-министрі Никол) Пашинян журналистерге ақпарат береді деп күтеміз", - деді Песков, Армения қазір ұйымның төрағасы екенін еске салып.