Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің ІІМ басшылары кездесті

Олар киберқылмысқа қарсы күрес мәселесін көтерді. 

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Мәскеу қаласында өткен отырысқа Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросының өкілдері де қатысты.

Бұдан басқа, министрлер бірлескен шешімге қол қойды. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған іс-шаралар белгіленді. Отырыс достық атмосферада өтіп, маңызды шешімдер қабылдауға ықпал етті.

Қазір оқып жатыр

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

Қазақстандық футбол ардагерлері Давид Лорияны қолдап, федерацияға хат жазды

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды