Мәскеуде Қайрат Боранбаевтың 158 млн рубльге бағаланған мүлкін тартып алмақ болған

2024 жылдың қаңтар айында белгісіз адамдар жалған құжаттарды пайдаланып, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі «КонсалтингГаз» ЖШС-нің мүлкін сатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Nege.Aqsha.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Компанияның аудиттік есебіне сәйкес, әңгіме жалпы баланстағы құны 157,8 млн рубль болатын екі жер телімі мен олардың үстіндегі екі ғимарат жайында болған.

««КонсалтингГаз» ЖШС мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді, сондай-ақ ІІМ-ге алаяқтық бойынша шағым жолдады», – делінген Nege.Aqsha редакциясының қолында бар құжатта.

Бұл іс бойынша сот шешімі 2024 жылдың соңында шыққан. Құжат көшірмесіне қарағанда, нысандар Мәскеудегі Воскресенское елді мекенінде орналасқан. Сатып алу-сату келісімшарты 2023 жылғы 9 желтоқсанда азамат К.Д. мен «КонсалтингГаз» ЖШС арасында рәсімделген. Компания атынан құжатқа оның атқарушы директоры ретінде Санжар Құрманбаев қол қойған болып шыққан.

Сот сараптамасы қолтаңбаның Құрманбаевқа тиесілі еместігін анықтады. Осыған байланысты мәміле жарамсыз деп танылды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті