Мәскеуде Қаңтар оқиғасы туралы фильм көрсетілді

Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі Қазақстан павильонында қайғылы оқиғаның екі жылдығына орай түсірілген "Қаңтар. Мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Оқиға қалай өрбіді" деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

YouTube / PTRKKZ

Алматы, NEGE. Фильмде сол күндері ел қалаларындағы жағдайдың қалай дамығаны, қандай маңызды шешімдер қабылданғаны, дағдарыстан қалай шыққаны баяндалады.

Авторлар барлық жайлар мен фактілерді, құжаттарды, фотосуреттерді, бейнежазбаларды және куәгерлердің жазбаларын зерттеп, талдап көрсеткен.

Көрсетілім алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Қаңтарды елдегі маңызды өзгерістердің катализаторы, сондықтан сол күндердің оқиғаларын объективті және бейтарап түсінудің маңызы зор екенін айтты.

"Біз фильмді сарапшылар мен жалпы жұртшылық осы тақырыпқа қызығушылық танытатын елде көрсетуді жөн санадық", – деп атап өтті елші.

Іс-шараға қонақ болып Ресей Федерациясы президенті әкімшілігінің, РФ сыртқы істер министрлігінің, ҰҚШҰ хатшылығының өкілдері, ресейлік танымал ғалымдар, сарапшылар мен журналистер барған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді