Мәскеу түбінде Ми-8 тікұшағы құлап, экипаж түгел қаза тапты

Мәскеу түбіндегі Клин ауданында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. Бұл мәліметті сейсенбі күні РФ Қорғаныс министрлігі журналистерге берген. 19 мамыр күні Мәскеу уақытымен 20:00 шамасында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде Клин елдімекенінен 20 км жерде Ресейдің Әуе-ғарыш күшіне тиесілі Ми-8 тікұшағы иен далаға құлады. Экипаж түгел қаза тапты», - деп хабарлайды ведомстводан. Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сай, ӘҒК Бас қолбасшылығының комиссиясы оқиға орнына аттанды. Алдын ала дерек бойынша, апат техникалық ақау салдарынан болған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлаған ер адамға үкім шықты

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты