Мәскеу рейстері қатерлі боп тұр
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жартысы мәскеулік рейстермен ұшып келген. ҚазТАГ-тың хабарлауынша, бұл туралы Алматы тауар және қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеген.
Алматы. NEGE. «Ауырғандардың 40%-ы Мәскеуде болғандар, яғни мәскеулік рейстер. Қалған 23%-ы «Берлин-Алматы» бағытына тиесілі болса, 20%ы – «Санкт-Петербург-Алматы» және 17%-ы – «Минск-Алматы» рейстері», – деді Молдақасымова.