Мәскеу мэрі мобилизацияның аяқталғанын хабарлады

Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің жеке блогында Ресей астанасында ішінара мобилизациялаудың аяқталғанын хабарлады. Ол бүгін әскерге қабылдау пункттері жабылатынын айтты.

Алматы, NEGE. «Мәскеу қаласының әскери комиссарының мәліметі бойынша, президент жарлығы мен Қорғаныс министрлігінің тапсырмалары негізінде белгіленген ішінара мобилизациялау бойынша тапсырмалар толығымен орындалды», - деп жазды Собянин.

Оның айтуынша, жұмылдырылғандарды қабылдау пункттері 2022 жылғы 17 қазанда Мәскеу уақытымен 14:00-де (Астана уақыты бойынша 17:00) жабылады.

Сондай-ақ, Мәскеу мэрі тұрғылықты жері мен кәсіпорындарға мобилизация барысында жіберілген шақырулар өз күшін жойғанын ескертті. 

"Біз Қорғаныс министрлігіне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде тікелей көмек көрсетуді жалғастыратын боламыз", - деп қосты ол.

Еске салайық, 14 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясындағы жартылай мобилизация жақын арада аяқталатынын айтқан.

Ресейде ішінара мобилизациялау 21 қыркүйекте жарияланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті