Масканың қай түрі вирустан сақтай алады?

Адамдар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік бе, әлде бірреттік бе өздері шешеді. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігінде өткен брифингте санитарлық дәрігерден полицияның қайта қолдануға болатын маскалар үшін айыппұл салуға құқығы бар-жоғын сұрады.

«Адамдар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік маскаға ешкім тыйым салған жоқ. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Естеріңізде болса, ауру өршіген айларда адамдар масканы өздері қолдан тігіп тақты. Коронавирустан сақтану үшін міндетті түрде маска таққан жөн. Осыны баса айтқым келеді», – деді Жандарбек Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты