Маскаев пен Тайсон төбелесе ме?

Кәсіпқой бокстың аңызы Майк Тайсон жуырда көрме үшін рингке оралатынын, бірқатар жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Ресей бокс федерациясының басшысы Омар Кремлев Майк Тайсон мен Олег Маскаевтің жекпе-жегін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Мұндай жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана-қуана келісер едім. Түскен ақшаны балаларға көмек үшін қайырымдылық қорына аударуға дайынмын. Егер жоспар іске асса, екі боксшыға да алғысымыз шексіз болмақ. Бұл – ардагерлердің жекпе-жегі болады», – деді Кремлев.

Маскаев қазір 51 жаста. 2003 жылы ол Тайсонмен кездесуі керек аді, алайда жекпе-жек өтпей қалды. Ал Тайсонның жасы 53-те. Ұсынысқа Тайсон келісе ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.