Маска тақпағаны үшін президентке айыппұл салды

Чилидің президенті Себастьян Пиньерге құзырлы орган 3,5 мың доллар айыппұл салды. Президент жағажайда өзімен суретке түсуге сұранған келіншектің көңілін қалдырмаған, алайда маска тағуды ұмытыпты.

Алматы, NEGE. РИА Новости агенттігінің жазуынша, президентке айыппұл салу туралы шешімді Вальпарайсо аймағының денсаулық сақтау мекемесі қабылдаған. 

Чили президенті Пиньер.

Президент Пиньерге бұған дейін бір мәрте ескерту жасалған екен. Екінші әрекеті жазасыз қалмады. 2 551 450 песо айыппұл АҚШ долларына шаққанда 3,5 мың долларға тең.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?