Маска тақпағандар қамауға алынсын 

Филиппин президенті маска тағу талабын орындамағандарды қамауға алуға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қазір мемлекет коронавирус құрбандары бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда Индонезиядан кейін екінші орында тұр. Маусымда карантин тәртібі жеңілдей салысымен, елде індет өрши түскен. Өткен айдан бері расталған деректер саны 4 есеге артып, 71 мыңға таяп қалды. Енді билік қатаң шаралар қабылдауға қамданып жатыр. Мәселен, вирусты жұқтырғанын жасырғандар түрмеге отыруы мүмкін. Қажет болса, пневмонияның жеңіл түрімен ауырғандардың өздерін күштеп ауруханаға жатқызамыз дейді.

Филиппин президенті Родриго Дутерте: "Пандемия кезінде маска тақпай, қауіпсіз қашықтықты сақтамайтындарды қамауға алу керек. Өйткені қазіргі жағдайда мұны қылмысқа теңеуге болады. Сол себепті еш күмәнсіз осылай істеу қажет" деді.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі АҚШ-тан арнайы шақырған қонағын қарсы алуды ұмытып кеткен

Ұлытауда төрт баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапты

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған