Маска тақпағандар 4,8 млн теңге айыппұл төледі

Алматылықтарға маска режимін бұзғаны үшін 4,8 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 8 қазаннан бастап Алматыда бақылау топтардың жұмысы қайта жанданды. Олар шектеу шараларының сақталуын қадағалап жатыр.

«2020 жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1860 нысанды тексерді. 439 нысанда карантиндік, оның ішінде маска режимінің бұзылғаны анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 4,78 миллион теңге сомасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама толтырылды», – деді Бекшин.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған