Маска тақпаған Өскемен әкімі Жақсылық Омар қанша айыппұл төледі?

Медициналық маска тақпаған Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да айыппұл төледі. Бұл туралы облыстық санитарлық эпидемиологиялық департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, қала басшысы шаһарда мәнерлеп сырғанаудан өткен фестивальді тамашалауға барған. Алайда бетперде кимеген. Сөйтіп, іс-шара кезінде түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбалардан осыны байқаған тұрғындардың біршамасынан салалық департаментке шағым түскен. 

ШҚО СЭБД жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы Бағлан Тауанова: "Соған сәйкес, 15 АЕК көлемінде айыппұл төледі. 43 755 теңге Бетперде тәртібі барлық тұлғаларға қатысты, сондықтан қандай да бір дәрежеге немесе лауазымға қарамастан барлық тұлғалар өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау мақсатында қойылған талапты орындауы тиіс" деді.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті