Маска тағу енді міндетті болмайды

Қырғызстанда 12 наурыздан бастап денсаулық сақтау және қоғамдық көлік мекемелерінен басқа жерлерде маска тағу міндетті болмайды.

Алматы, NEGE. Үкімет мәліметінше, ЖОО-да, орта арнайы оқу орындарында және басқа да жалпы білім беру ұйымдарында, сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дәмханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, мұражайларда, спорт клубтарында, кітапханаларда оқушылар мен оқытушылар құрамына маска тағу міндеттелмейді.

Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды.

Алайда денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік, муниципалды және жеке), сондай-ақ, қоғамдық жолаушылар көлігінде міндетті түрде маска тағудың маңызы туралы айтылды.

COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтарында, базарларда маска режимін сақтау азаматтардың өз еркіне байланысты болады.

Қазір оқып жатыр

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?