Маска тағып жүру режимі қатаң сақталады
Беларусь астанасы Минскіде маска тағып жүру тәртібі енгізілді, – деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
Алматы, NEGE. Бүгін Минскі қалалық атқарушы комитетінің отырысында жедел респираторлы вирусты инфекция мен коронавирустың алдын алу шаралары бекітілген №1069 шешімге өзгерістер енгізілді.
«Адамдар жұмыс орнында ғана емес, астанадағы кез келген мекемеге барғанда маска тағып жүруі міндетті. Сондай-ақ, автобус, метро, такси сынды қоғамдық көліктің бәрінде маска тағып отыру қажет», – деп толықтырды астана мэриясы.
Бүгіннен бастап қалада COVID-19 бен вирустық инфекциялардың алдын алу талаптарын қадағалау күшейтіледі.
Жекеменшік нысандарының кез келген түрінің жетекшілері санитария-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына барлық жағдайды жасауға міндетті.