Маска киіп жүргеніңіз жөн

Қытайда жаппай тарап жатқан коронавирустан сақтану үшін арнайы маска киіп жүргеніңіз жөн. Бұл кеңесті Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры, эпидемиолог Сәкен Әміреев айтты.

Алматы, NEGE. Қытай 440 адам вирус жұқтырғанын ресми хабарлады. Алайда бұл көрсеткіш әлдеқайда көп болуы мүмкін. Өйткені өткен тәулікте ғана 100 адамнан дерт анықталған. Профессор С.Әміреевтің айтуынша, адамнан адамға жұғатын бұл вирусты қазақстандықтар да жұқтырып алуы әбден мүмкін. Сондықтан сақ болған жөн.

Профессор қазақстандықтарға арнайы маска киіп жүруді кеңес етті. «Ең ұқыпты халық саналатын жапондар маска кию керек болса, бәрі киеді. Ал біз масканы қалай киюді де білмейміз. Сақтықта қорлық жоқ, маска киіп жүріңіздер» деді Әміреев.  

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды