Маск «Америка» атты жаңа саяси партия құрылғанын жариялады

Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісіндегі сауалнама нәтижесіне сүйене отырып, «Америка» атты жаңа саяси партияның құрылғанын жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «2-ге 1 нәтижемен сіздер жаңа саяси партияның қажет екенін қолдадыңыздар – енді ол болады. Елді шектен тыс шығындар мен парақорлық банкротқа ұшыратып жатқан қазіргі жағдайда біз демократияда емес, бірпартиялы жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Сіздердің бостандықтарыңызды қайтару үшін бүгін «Америка» партиясы құрылды», – деп жазды ол X желісінде.

Сауалнамаға 1,2 миллионнан астам қолданушы қатысқан. Олардың 65,4 пайызы жаңа партия құруды қолдаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?