21 апреля 2023 г. 16:41

«Мәсімовтің жағдайы мүшкіл»

Фото:

«Мемлекетке опасыздық жасады және қызмет бабын асыра пайдаланды» деген күдікпен ұсталған Кәрім Мәсімовтің жағдайы ауыр деген хабар тарады. Мұны оның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Америкалық Джонс Хопкинс университетіндегі Кәрім Мәсімовтің дәрігері Эрнест Браун, оның қамауда болуына байланысты тиісті медициналық көмек ала алмай, жағдайы нашарлап кеткенін айтып, бірнеше медициналық дәлелдеме келтірді.

Ал осыған дейін, БАҚ беттерінде 2023 жылдың қаңтар айында Кәрім Мәсімовке шұғыл ота жасалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Мәсімовтің жүрегінде кінәрат бар көрінеді.

Естеріңізге салайық, ҰҚК-нің экс-төрағасы 2022 жылдың 6 қаңтарында ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі «Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

Тегтер: