Мәсімовті қамау мерзімі ұзартылды

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. К.Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов та 6 мамырға дейін қамауда болады. Ал тағы бір экс-орынбасар Дәулет Ерғожинді қамау мерзімі 8 мамырға дейін ұзарды. 

«Назарбаев Университеті» қамқоршылық кеңесінің бұрынғы мүшесі Дэвид Меркель жүргізетін әрі К.Мәсімовті қорғау үшін ашылған karimmassimov.com сайты К.Мәсімовті қамау мерзімі 6 сәуірде аяқталғанын және оның жүрегі сыр бергенін хабарлап, оны «тез арада босатуды» талап еткен.

Естеріңізге салайық, Қаңтар бүлігінен кейін іле-шала, 5 қаңтарда Президент Қ.Тоқаев К.Мәсімовті қызметінен босатқан. 6 қаңтар күні «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен К.Мәсімовтің қамалғаны белгілі болды

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған