Машкевичтің яхтасы Сент-Барт аралына келіп тоқтады...

Дәстүр бойынша, жыл аяғында миллиардерлер Кариб теңізіне жиналып, яхталарын бір-біріне паш етеді. 'Кімдікі үлкен', 'Кімдікі ұзын' деген бәсекелестіктің қызатыны осы тұс. Биыл олигархтардің көбісі Сент-Барт аралына зәкір тастап, осы аралда жаңа жылды қарсы алатын болды деп жазады, Forbes.

Білетіндер, биыл суперяхталардың шайқасы ерте басталды дейді. Сент-Барт осы жылы дауылдан қатты зардап шеккен. Бірақ соған қарамай, арал тез қалпына келтіріліп, жасыл желекпен көмкеріліп үлгеріпті.

Сент-Барт аралы. Фото: forbes.ru

Бірнеше танымал миллиардер қазірдің өзінде Сент-Бартқа, көршілес Сент-Мартин мен Антигуаға сапар шегіп қайтқан. Араларында Рождествода Антигуа аралында қалатындар да бар. Бірақ барлығы дәстүрлі отшашу өтетін Сент-Барттағы мейрамға қатысады. Олигархтардың арасында WhatsApp-тың негізін қалаушы Ян Кум, дизайнер Томми Хилфигер, "Челсидің" қожайыны Роман Абрамович, "Монако" футбол клубының иесі Дмитрий Рыболовлев пен ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич бар. 

Lady Lara. Фото: forbes.ru

Lady Lara - Александр Машкевичтің яхтасы. Ұзындығы 90,8 метр. Басқа миллиардерлердің яхтасына қарағанда шағындау болып саналады. Мысалы "Eclipse" деп аталатын Роман Абрамовичтің яхтасының ұзындығы 162,5 метр. 

Eclipse. Фото: forbes.ru

Биыл жаңа жылдық кештер Сент-Барттың түнгі клубтарында өтпек. Оның ішіндегі ең әйгілі "Nikki Beach Beach" клубында супер жұлдыз DJ Kygo олигархтар алдында өнер көрсетеді.