Машинист темір жолда жалғыз жүрген бес жасар баланы аман алып қалды
2026 жылғы 20 маусымда Түркістан – Шиелі учаскесінде жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған бес жасар баланы байқап, шұғыл тежегішті іске қосқан.
Астана, NEGE. Оқиға сағат 15:08-де Шорнақ станциясы маңында болған. №7/8 Алматы-2 – Саратов бағытындағы жолаушылар пойызы 70 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Локомотив бригадасы баланы дер кезінде көріп, пойызды тоқтатуға әрекет жасаған. Соның арқасында қайғылы жағдайдың алдын алды.
ҚТЖ мәліметінше, пойыз 4 минутқа кешіккен.
Темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталғанына қарамастан, бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген. Компания локомотив бригадасының қырағылығы мен кәсібилігі адам өмірін сақтап қалғанын атап өтті.
ҚТЖ ата-аналарға балаларды темір жол маңында қараусыз қалдырмауды қатаң ескертті. Сондай-ақ балаларға темір жол көлігі нысандарында қауіпсіздік ережелерін ұдайы түсіндіріп отыру қажеттігін мәлімдеді.