Мас жолаушы Нұр-Сұлтаннан шыққан пойызды стоп-кранды басып тоқтатқан

"Нұр-Сұлтан - Нұрлы-Жол - Алматы-2" пойызында мас ер адам стоп-кранды басып пойызды тоқтатты, - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Оқиға 5 қыркүйекте Жамбыл облысының Бурылбайтал-Қарасай учаскесінде болған. Салдарынан пойыз жоспардан тыс 4 минут аялдама жасаған.

Көлік полициясы тексеру кезінде заңсыз әрекет жасаған жолаушыны анықтаған. Ол - Түркістан облысының 42 жастағы тұрғыны. Полицейлер ер адам ішімдік ішкенін және мас күйде стоп-кранды жұлып алғанын анықтаған.

"Құқық бұзушыны пойыздан шығарып, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы 1-бөлігі ("Темiржол көлiгi құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік хаттама жасады" - деді ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері осындай 27 оқиға тіркелгенін айтты.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабына сәйкес пойызды заңсыз тоқтату жеке тұлғаларға бес АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады