Мас күйінде көлік жүргізген әкім жұмысынан босатылды

Маңғыстау облысында көлікті мас күйінде басқарып, көпшіліктің наразылығын тудырған Форт-Шевченко ауылының әкімі жұмысынан босатылды. Әдеп кеңесінде оның ісі қаралып, комиссия мүшелері осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Астана. NEGE. 4 қаңтар күні бұрынғы шенеунікті «Ақтау - Форт-Шевченко» тас жолының 3 шақырымында келе жатқанда полицейлер тоқтатқан. Шалқыбай Әзірбаевқа жүргізілген медициналық сараптама нәтижесінде жеңіл дәрежеде мас күйде болды деген қорытынды берілген.

Осы оқиға бойынша түсірілген видео әлеуметтік желіде де белсенді талқыланды. Көпшілік әкімнің ерсі қылығын сынап тастады.

 Осыған дейін экс-әкімнің ісі сотта қаралып, 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру туралы үкім шығарылған еді.