Мас судья жарамдылық мерзімі өткен жүргізуші куәлігімен ұсталды – ІІМ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі судьяның мас күйінде көлік жүргізгенін растады.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Ведомствоның хабарлауынша, 1 қараша күні таңғы сағат 04:30 шамасында Астанадағы «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында полиция қызметкерлері Mazda-6 көлігін тоқтатқан. Көлікті елордалық азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы басқарған.

«Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны және оның жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды», – делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға материалдары Бас прокуратураға жолданды. Судьяны жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты