Мас күйде Абай мен Пушкиннің ескерткішіне шығып алып суретке түскен шетелдіктер ұсталды

1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жас жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған.

Полиция

Алматы, NEGE. Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан. Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.

Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды.

Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазір оқып жатыр

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады

Талғар мектептерінде буллинг 18%-ға төмендеді

Пәтер кілті табысталды: Паралимпиада триумфаторы Ербол Хамитов елге оралды