Марокко қақпашысы Португалиямен матчта үздік ойыншы атанды

Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко қақпашысы Яссин Боно Португалиямен өткен матчтың үздік ойыншысы атанды.

Алматы, NEGE. Аталмыш ойында 31 жастағы Я.Боно үш соққыны қайтарып, өз қақпасын аман алып қалды.

Сонымен қатар Яссин Боно бір әлем чемпионатындағы үш матчта өз қақпасына гол жібермеген бірінші африкалық ойыншы атанды.

Бүгін ол Марокко құрамасының жейдесін 50-інші рет киді.

Жалпы, осы біріншілікте қарсыластары Марокконың қақпасына гол соға алған жоқ. Тек Канадамен өткен кездесуде Наиф Агер өз қақпасына доп соғып алды. Бірақ марокколықтар Канаданы 2:1 есебімен ұтты. Өз тобынан бірінші орынмен шыққан Марокко плей-офта Испания құрамасын пенальти сериясында жеңді. Мұнда да Бононың шеберлігі көрініп, ол екі соққыны қайтарды.

Клубтық деңгейде Боно Испанияның «Севилья» клубының намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды