Марокко әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты

Марокко құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық құрама атанды.

Алматы, NEGE. Марокколық футболшылар бүгін 1/4 финалда Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Жеңіс сыйлаған жалғыз голды Юссеф Эн-Несири 42-минутта өз еншісіне жазды.

Аталған кездесуде португалиялық Криштиану Роналду ойынды қосалқы құрамда бастады.