11 ноября 2023 г. 17:50

Марқұм Салтанат Нүкенованың құрбылары Бишімбаевқа қатысты тың дерек айтты

Фото:
Бойжеткендер марқұм әйелге талай рет Қуандық Бишімбаевпен ажырасуға кеңес бергенін

жеткізді. Алайда олардың сөзінше, Салтанат Нүкенова күйеуіне үнемі кешіріммен қарап, оның өзгеретініне сенім білдірген, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Алматы, NEGE. «Ол керемет құрбы болған еді. Көріп тұрған жоқсыз ба қанша адам жиналғанын. Бұл Салтанаттың керемет адам болғанының дәлелі. Біз оның достарымыз, мектепте бірге оқыдық. Астанадан келдік», - деп бөлісті жерлеу рәсіміне қатысқан бойжеткендер.

Марқұмның құрбыларының айтуынша, Салтанат пен Қуандық Instagram арқылы танысқан. Олар бірнеше ай кездесіп, көп созбай үйленіп алған. Қарым-қатынасын Астанада заңдастырған.

Марқұмның құрбыларының сөзіне сенсек, олар көп ұзамай әйелдің отбасында мәселелер туындай бастағанынан сезіктенген.

«Алғашында ол мұны барлығынан жасырып келген. Тек жай ұрысып қалдық дейтін, біраз дүниені бұғып қалатын. Танысқаннан кейін оған тыным бермейтін. Ол (Қуандық Бишімбаев - ред.) өзі оны Instagram желісінде тауып алып, сырттай ғашық болып қалған. Ол барынша оның (Салтанат Нүкенованың - ред.) назарын өзіне аударуға тырысып жүрді, әуелгі кезде Салтанат онымен тіпті кездескісі келмеген еді, бірақ Қуандық оның ізінен қалмай, соңынан жүгіріп, жүрегін жаулауға тырысты. Біз де ол Салтанатты өте жақсы көреді деген пікірде болдық. Бірақ қол жеткізгеннен кейін тәтті шақтары аяқталып, оны соққыға жыға бастаған. Ол оны талай рет кешіріп, оған орала берген болатын», - дейді марқұмның құрбысы Марина.

Бойжеткендердің айтуынша, Салтанат Нүкенова тәулігіне 24 сағат Қуандық Бишімбаевпен бірге болған. Сонымен қатар бойжеткендер экс-министрдің әйелі ешқашан оның көзіне шөп салмағанын айтып, желіде тараған қауесетті жоққа шығарды.

Олардың сөзінше, Салтанат Нүкенова Қуандық Бишімбаевты өте сүйген әрі толық бақылауында болған. Марқұм әйел тіпті достарымен қарым-қатынасын да суытқан.

 "Біз оған талай рет онымен ажырасуға кеңес бердік. Оның айтуынша, ол (Салтанат Нүкенова - ред.) талай рет кетіп қала берген, пәтер жалдап, жеке тұрған, бірақ көп ұзамай ол (Қуандық Бишімбаев - ред.) қайта келіп, тізерлеп кешірім сұрап, қаншалықты жақсы көретінін айтып, бірнеше рет өзіне қайтарған. Біз оған мұндай адамдар ешқашан өзгермейтінін айттық. Бірақ ол (Салтанат Нүкенова - ред.) ешкімді елемей, оған орала берді. Содан соң мен басқа құрбыма бұлай жалғаса берсе, ерте ме, кеш пе өлтіріп қояды ғой деп айтқан едім, ал бір аптадан кейін құрбым маған қоңырау шалып, оның өлімі туралы хабарлады», - дейді марқұмның құрбысы Индира.

Тегтер: