Марқұм Шерзат Болаттың әкесі 15 тәулікке қамалды

Айуандықпен өлтірілген жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды.

Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Адвокаттардың айтуынша, Қаржаубай Нұрымов қамауға алынғаннан кейін әкімшілік сот өткен. Сот шешімімен Қаржаубай Нұрымова бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

Адвокаттар таңертең аппеляциялық шағым түсірмекші.

Қазір Қаржаубай Нұрымов адвокаттарымен бірге көпсалалы ауданаралық ауруханада жатыр.

Қаржаубайдың әпкесі Бақыт митингке шақырғаны үшін 15 күн алды, оған қоса ол Қазақстан азаматы болмағандықтан елден депортациялануы мүмкін. Тағы бір әпкесі Салтанатқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?