4 ноября 2023 г. 13:24

Марк Цукерберг ауруханаға түсті

Фото:

Бизнесмен Марк Цукерберг ауруханаға түсіп, оған ота жасалды. Миллиардер ММА жаттығуы кезінде ауыр жарақат алды.

Алматы, NEGE. Оқиға туралы Цукербергтің өзі Facebook парақшасында жазды. Ол аяғына жасалған отадан  кейін аурухана бөлмесінде  түскен суретін жариялады. Фотодан оның сол аяғы қозғалмай, таңылғанын көруге болады.

"Мен спарринг кезінде аяғымды жарақаттап алдым. Маған операция жасады. Қамқорлық жасаған дәрігерлер мен командаға рахмет. Мен келесі жылдың басында өтетін ММА жекпе-жегіне дайындалған болатынмын. Енді ол сәл кейінге қалдырылды», – деп жазды Цукерберг.

Ол сауығып кеткен соң жекпе-жек өткізуге ниетті екенін де айта кетті. Facebook қолданушылары Марктың жарақатының ауыр екенін айтып, оның тезірек сауығып кетуін тіледі.

Тегтер: