Мария Дмитриенка және Виктор Хасянов - Италиядағы GREEN CUP турнирінің жеңімпазы атанды

Италияның Тоди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирі өтуде.

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының өкілдері айтулы бәсекеде 4 медаль жеңіп алды.

Шымкент қаласының спортшылары – Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов «Трап микс» жұптық жаттығуында үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында бақ сынаған шымкенттік спортшылар екі жүлдеге иелік етті. «Скит» жаттығуында Амалия Кудрявцева қола, «Трап» жаттығуы бойынша Анастасия Прилепина күміс медальға ие болды.

Халықаралық дода 14-24 мамыр аралығына жоспарланған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.