Мария Севостьянова таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы ашық Азия чемпионаты басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

57 келіге дейінгі салмақта Мария Севостьянова чемпион атанды. 87 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Қаблан күміс медаль иеленді.

Альтаир Өмірбеков (74 келіге дейін), Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) және Нодира Ахмедова (49 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Клубтар арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысуда.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?