Марғұлан Сейсембай: Менің ізіме түскенге ұқсайды

Қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Фейсбук желісі арқылы шұғыл мәлімдеме жасап, өзіне қысым жасалуы мүмкін екенін айтты.

Алматы NEGE. «Достар, менің ізіме түскенге ұқсайды. Соңғы бірнеше күн бойы Алель Агро қызметкерлерінің тыныштығы қашты. Кеше түнде Алель Агро басшылығын тұтқынға алды. Күні бойы банктерден құжаттарын алдыртып, үйлерінде тінту жүргізді.
Мүмкіндігімді пайдаланып, мен ешқандай да қылмыс жасамағанымды айтқым келеді. Бір де бір бизнесте мен ешнәрсеге қол қойып, болмаса басшылық етпедім. Қазір олар Алель Агроға қатысты субсидиялар алу кезінде алаяқтық пен қаржы жымқыру бойынша қылмыстық іс қозғап отыр. Алель Агро айып тағылатындай инвестициялық субсидиялар алған емес. Менің бұл субсидиялардың үлестірілуі, не алынуына ешқандай қатысым болмаған, қазір де еш қатысым жоқ. Сондықтан, бұл нағыз саяси іс, олар мені қамап тастамақшы немесе ауызымды жаптырғысы келіп отыр.

P.S. Менің үйімнің айналасында 30-40 шақты адам жүр. Шамасы комитетчиктер», – деп жазды қоғам белсендісі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды