Марғұлан Сейсембай: Беларусь енді ешқашан бұрынғы қалпына оралмайды

«Түні бойы Беларусь гуілі басылмады. Елдің барлық дерлік қалалары көтерілді. Пинск қаласының халқы ЕММЖ қызметкерлерін қуып тастады. Лукашенко өз еліне қарсы оқ ата бастады» деп жазды М.Сейсембай

әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылай болары белгілі еді. Шыдап тұрады ма, әлде қашып кете ме, қайтер екен, қызық. Кім жеңер екен. Беларусь енді ешқашан бұрынғы қалпына оралмайды. Мәселе шекті нүктесінен асып түсті. Лукашенко билік басында күн, тіпті, сағат санап отыр деп жобалаймын.
Беларусь, сіздерге осының бәріне төтеп беруге шыдамдылық пен күш-қуат тілеймін!

P.S. Беларусьте дәл қазір тыныштық. Олар басылды ма, әлде бұл дауыл алдындағы тыныштық па, көрейік.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды