Марғұлан Баймұхан Таиландтағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Марғұлан Баймұхан 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.

Польшадағы Краков экономика университетін және Канададағы Ванкувер университетін тәмамдаған.

Халықаралық басқару саласы бойынша ғылым магистрі, іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие.

Еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясында маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған.

1997 жылы Польшадағы "River System Ltd." экспорттық бөлімінде маман, кеңесші және Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директор қызметтерін атқарған.

1999 жылдан бастап дипломатиялық қызметте, Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігінде қызмет атқарған.

2017–2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы Елшісі болған.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

II дәрежелі төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді