Маргарита Симоньянға Арменияға кіруге тыйым салынды

Армения билігі RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньянға елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды.

Алматы, NEGE. «Ұзақ жылдар бойы Арменияны жақтап келген Константин Затулинге Арменияның қазіргі басшысы елге кіруге тыйым салған. Айтпақшы, маған да», - деп жазды Симоньян.

25 қазанда Армения парламенті Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің орынбасары Константин Затулинге оның елге келуге тыйым салынғанын хабарлады.

Ереван мұндай шешімге Затулиннің Арменияға қатысты мәлімдемелерінен кейін келгендерін түсіндірді.

Еске салайық, Симоньян да Затулин сияқты бұрынғы кеңестік республикаларға, оның ішінде Қазақстанға қарсы бірнеше рет арандатушылық сөздер айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті